2025 жылға дейін 11 мың шақырым жол ақылы болады

Елімізде жалпы ұзындығы 5 800 шақырымды құрайтын 7 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылды. Олар: 4 жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы «Нұр-Сұлтан-Павлодар», «Қапшағай-Талдықорған», «Тараз-Қайнар», «Шымкент-Тараз», «Шымкент-Қызылорда», «Шымкент-Ташкент», «Щучинск-Көкшетау» учаскелері. Жүру құны 2013 жылы алғаш енгізілген тариф деңгейінде өзгеріссіз қалды. Мамандар дәл осындай қатынау төлемдері Еуропа елдерінде жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автомобильдер үшін 20 есе жоғары екенін айтады.

Айта кетейік, бұған дейін 682 шақырымдық 4 ақылы жол бөлігі болған. Былтыр олардан түскен 5,7 млрд теңге сол жолдарды күтуге жұмсалған. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін ақылы жүйені республикалық желідегі автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына енгізу көзделген.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов