Қазақстандық режиссердің фильмі Кореядағы кинофестивальде үздік деп танылды

Қазақстандық режиссердің фильмі Кореядағы кинофестивальде үздік деп танылды

Қазақстандық режиссер Камила Норусованың «Мен түсінбеймін» қысқаметражды фильмі Кореяның Yechon қаласында өткен халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды. 10 минуттық туындыда интернационалдық отбасының өмірі сипатталады. Сюжет бойынша, корей азаматы мен оның Қазақстаннан келген әйелі бір-бірінің тілін түсінбейді. Бір күні жас жұбайлар аударма жасайтын құлаққап сатып алады. Фильмдегі басты рөлдерді қазақстандық студент Аида Азат пен оңтүстіккореялық Им Джон Мук сомдаған.

Айта кетейік, Камила Норусова – Талғар қаласының тумасы. 4 жылдан бері Оңтүстік Кореяда тұрады.

Жалпы байқауға 11 елден 948 фильм қатысқан. Барлығы ұялы телефонға түсірілген.

Камила Норусова, режиссер:

- Фестивальден кейін көптеген режиссер бірлескен жоба жасауды ұсынып отыр. Мен 2 елде жұмыс істеуді қалаймын. Маған Қазақстанның табиғаты ұнайды. Елге барып фильм түсіргім келеді.