Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын ұлттық қауымдастық құрылады

Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын ұлттық қауымдастық құрылады

Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің сапасын реттеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа ұлттық стандарттар енгізілмек. Аталмыш мәселелермен жаңадан құрылатын тұтынушылардың мүддесін қорғау жөніндегі ұлттық қауымдастық пен омбудсмен институты айналысады. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан 20 мыңға тарта респонденттің жартысынан астамы бұл ұсынысты құп көрген.

Айта кетейік, осы текті қоғамдық ұйымдар Германия, Швейцария, Швеция, АҚШ-та және басқа да елдерде сәтті жұмыс істеп тұр.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң, тұжырымдама жобалары, ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет порталына орналастырылды және мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді. Сондықтан тұтынушыларды және кәсіпкерлік қауымдастықтарды мемлекеттік органдармен бірлесіп осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырамын.