Абай атындағы ҚазҰОБТ ребрендингі көпшілікке таныстырылды

Абай атындағы ҚазҰОБТ ребрендингі көпшілікке таныстырылды

«Елу жылда ел жаңа». ҚазҰОБТ-ның ребрендингі көпшілікке таныстырылды. Енді аты аңызға айналған театрдың жаңа логотипі, фирмалық стилі және жаңартылған айдентикасы бар. Жұмыс 1,5 жылға созылды. Бұл туралы Абай атындағы ҚазҰОБТ-ның директоры Таир Қаратаев мәлімдеді. Сонымен қатар театр басшылығы бірқатар жаңа жобаны да қолға алуды жоспарлап отыр. Мәселен, алдағы уақытта қойылымдарды үйден шықпай-ақ көруге болады. Мұндай мүмкіндік Қазақстанның ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендеріне бұйырады. Сондай-ақ мұндай технология театрдың халықаралық деңгейге шығып, өзін танытуға мүмкіндік береді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева