Қазақстан мен АҚШ тұрақты тікелей рейстер ашуға ниетті

Қазақстан мен АҚШ тұрақты тікелей рейстер ашуға ниетті

Қазақстан халықаралық әуе рейстерінің санын көбейтеді. Үш жылдан кейін отандастарымыз АҚШ-қа транзитсіз, тікелей бара алады. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитс мәлімдеді. Спикердің айтуынша, тікелей трансатлантикалық рейстер жасау үшін отандық авиатасымалдаушыларға алыс магистральді әуе кемелерін сатып алу қажет. Олардың құны 100 млн доллар көлемінде.

Питер Гриффитс, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:

- Біз тікелей рейстер 2024 жылдан басталады деп жоспарлап отырмыз. Діттеген мақсатқа жету үшін әрине, бірнеше кезең бойынша жұмыс жүргізу қажет. Бұл кезеңдердің бірі – авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу, содан кейін АҚШ-тың, атап айтқанда FAA тарапының ұшудағы талаптарына сәйкес келу керек.

Қазіргі таңда Қазақстан қатаң карантиндік шектеулерден кейін рейстер санын қайта көбейтіп жатқанын айта кеткен жөн. Республикада ішкі рейстер бойынша 57 бағыт қалпына келтіріліп, әлемнің 23 елімен халықаралық барыс-келіс қайта жанданды.

Авторы: Ақзер Сегізбай