Елбасы моноқалаларды дамытуды тапсырды

Елбасы моноқалаларды дамытуды тапсырды

Қазақстанда ипотекалық жаңа бағдарлама пайда болуы мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында осыны тапсырды. Бұл ретте бастапқы жарна 10% аспауы керек және сыйақы мөлшерлемесі 2-ден 5% дейін өзгеруі тиіс. Президенттің айтуынша, бұл азаматтардың мамандарды қажет етіп отырған болашағы бар, өсіп келе жатқан қалаларға өз еркімен қоныс аударуын ынталандырады. Жалпы Қазақстанда 89 қала бар, оның 30% – моноқала. Онда халқымыздың 8% тұрады. Қазір шағын қалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Бүгінде олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40% жуығын өндіреді. Қасым-Жомарт Тоқаев шағын қалалардың экономикасын әртараптандырып, жаңа жұмыс орындарын ашудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Үкіметке барлық моноқала бойынша тиісті сараптама әзірлеуді тапсырды. Ол 2022 жылдың 1 наурызына дейін аяқталуы керек.