Сирия бойынша келіссөздердің кезекті кездесуі өтеді

Сирия бойынша келіссөздердің кезекті кездесуі өтеді

Қазақстан астанасында Сирия бойынша келіссөздердің кезекті кездесуі өтеді. Шара желтоқсан айына жоспарланған. Бұл туралы журналистерге Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хабарлады. Министр мәлім еткендей, ведомствоға кепілгер елдерден Астана процесін қайта ұйымдастыру туралы өтініш келіп түскен. Оның нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз. Мұхтар Тілеуберді жоспарланып отырған диалог вице-министрлердің деңгейінде өтетінін айтты.

Соңғы 16-шы раунд 7-8 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткенін айта кеткен жөн.