Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттады

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттады

Атап айтқанда, АИ-92 маркалы жанармай бағасы бірден 178 теңгеге көтерілді.

Айта кетейік, бұл маркалы жанармайдың құны соңғы уақытта біршама тұрақты болып, литріне 168-175 теңгеден сатылған еді. Алайда қазан айының орта тұсында оның да бағасы шарықтап кетті. АИ-92-мен бірге АИ-95 те қымбаттады. Оның құны 205-214 теңге аралығында саудалануда. Сонымен қатар соңғы айларда дизель отынының бағасы өсті. Жанармай құю бекеттерінде оның құны литріне 230 теңгеден саудалануда.