Елордада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Елордада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Қазақстан тарихындағы Сібір ұлысы мен Тайбұға». Осындай атаумен елордада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған қатысушылар қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында ұлыстардың қосқан үлесін талқылады. Ел өткенін түгендесек, бұл орайда ең ірі ықпалды этникалық топтардың бірі – Тайбұға ұлысы және Сібір хандығының негізін қалаушылардың маңызы айрықша болды. Бүгінде олар туралы деректер ғылыми қоғамдастықтың назарын өзіне аударады. «Тайбұға хан – атақты қолбасшылардың бірі, Бату ханның ұлы жорықтарына қатысушы. Ол Шыңғыс хан, Жошы ханның замандасы болған. Алтын Орданың тікелей әрі басты тірегі саналды. Оның еліміздің мемлекеттілігін дамытуға қосқан үлесі зор», – дейді сарапшылар.

Асылхан Игібаев, «Tugurul Han – On Han» корпоративтік қорының төрағасы:

- Бұл конференцияның мақсаты – халқымызға осындай ұлы адамдардың болғанын жеткізу. 400 шетелдік, еуропалық, ресейлік дереккөз Тайбұға Бату ханмен Еуропаға жетіп, жарты әлемді жаулап алғанын мойындайды.