Қазақстанда санақ мерзімі ұзартылды

Қазақстанда санақ мерзімі ұзартылды

Қазақстанда халық санағы аясында нақтылау шаралары басталды. «Бұл жұмыс 8 қарашаға дейін жалғаспақ», - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Нақтылау шаралары азаматтарды толық есепке алу және деректер сапасының анықтығын тексеру үшін жүргізіледі. Бақылау функциясы әрбір тұрғын үйге интервьюердің барғанына және санақ парақтарын респонденттердің толық толтырғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Соңғы ақпарат бойынша, осы күнге дейін 19 млн 450 мыңнан аса адам санаққа қатысқан.

Авторы: Әсел Күшенғалиева