Отандық өнімдер шетелге жөнелтілетін болады

Отандық өнімдер шетелге жөнелтілетін болады

Отандық экспортқа жол ашық. Қазақстанда өнімдері шетелдік нарықтарға шығарылатын компаниялар анықталды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлайды. Тауарлар Ресей, Қытай, БАӘ, Өзбекстан және Қырғызстанға жөнелтілетін болады. Іріктеу «Экспорттық акселерация» бағдарламасы шеңберінде өтті. Оған қатысуға 350-ден астам компания өтінім берген. Нәтижесінде 101 өндіруші өнімі мен қызметтерін сырт ел тұтынушысына ұсыну мүмкіндігіне ие болды. Оның ішінде тамақ, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, көлік, білім беру жобалары мен инновациялық, компьютерлік, инженерлік қызметтер бар. Бұл ретте компаниялардың үштен бірі шағын кәсіпкерлік санатына жатады, тағы осынша бөлігі – орта бизнес.

Айта кететіні, биылғы жылы бағдарламаға еліміздің барлық өңірінен кәсіпкерлер қатысқан. Енді олар оқумен қатар В2В кездесулер, әлеуетті шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізеді. Мұнымен бағдарлама түлектерімен жұмыс аяқталмайды, қолдау шаралары жыл бойы жалғасатын болады.