Ғалымдар Таңбалыдағы петроглифтерді қалпына келтірді

Ғалымдар Таңбалыдағы петроглифтерді қалпына келтірді

Қазақстандық мамандар түркиялық және әзербайжандық әріптестеріне петроглифтерді қалпына келтіру технологиясын үйретеді. Бүгінде отандық ғалымдар Таңбалы шатқалының аумағындағы петроглифтерді қалпына келтіре алды. Онда XIV ғасырдың ортасынан XX ғасырға дейінгі аралықты қамтыған 5 мыңнан астам петроглиф, қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар мен ғибадатханалар орналасқан. Таңбалы жартастарындағы суреттер мен бейнелер әлі де зерттеуді қажет етеді. «Өйткені келген сайын әр таңбаны жаңа қырынан танимыз», – дейді ғалымдар.

Зейнолла Самашев, археолог, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Біз тау жыныстарын қалпына келтірдік. Оларға уақыт пен адам әсер етті, бейнелер ғасырлар бойы өшіп қалды. Жаңа технологияларды қолдану арқылы сызбалар қалпына келтірілді. Басқа салаларда да осылай жұмыс істеу керек. Бұл – өте жақсы тәжірибе.

Бүгінде әзербайжандық Гобустан қорық-мұражайының тарихшылары қазақстандық ғалымдардың тәжірибесін пайдалануға мүдделі. Мұнда 1 500-ден астам петроглиф сақталғанымен, оларды қалпына келтіру мүмкін болмады. Сондықтан екі елдің музейлері арасында ынтымақтастық орнату мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылды.

Вугар Исаев, Гобустан мемлекеттік тарихи-көркем қорық мұражайының директоры:

- Таңбалыда тарихи мұраны сақтаудың кешенді бағдарламасымен таныстық. Әсіресе уақыт пен адамның әсерінен көмескі тартқан, тіпті өшіп қалған бейнелерді қалыпқа келтіру технологияларын қолданғымыз келеді. Бұл орайда петроглифтерді қорғау мен сақтауда тәжірибе алмасып тұрамыз.

Айта кетейік, Таңбалы шатқалы – тек Орталық Азия шеңберінде ғана емес, ғаламдық көлемдегі ең маңызды тарихи археологиялық кешеннің бірі.