Тұңғыш ұлттық жерсеріктік телеарна туған күнін атап өтуде

Тұңғыш ұлттық жерсеріктік телеарна туған күнін атап өтуде

Qazaq TV арнасы алғаш рет 2002 жылдың 25 қазанында Caspionet атауымен көрерменге жол тартты. Бүгінгі таңда Qazaq TV заманауи Қазақстанның өмірін көрсететін имидждік жобаға айналған. Арна эфирінде еліміздің қоғамдық және мәдени өміріндегі басты оқиғалар көрсетіледі. Телеарнаның мазмұндық толтырылуы қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, елдің табиғаты мен көрнекті тұлғаларын таныстыратын жобалардан тұрады.

Телехабарлар таратылымы қазақ, ағылшын, орыс, өзбек, сондай-ақ қырғыз тілдерінде жүреді. Тәулік бойы жұмыс істейтін телеарна көрермендерге қажетті дыбысталуды таңдау мүмкіндігін ұсынады.

2020 жылы Qazaq TV арнасы Galaxy 19, Hotbird 13, MeaSat серіктері арқылы SD хабар тарату стандарттарынан HD форматқа ауысу процесін аяқтады. Qazaq TV телеарнасының HD форматындағы қазақ, ағылшын, орыс, қырғыз және өзбек тілдерінде серіктік хабар таратуы Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия мен Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдерін қоса алғанда, әлемнің 120-дан астам мемлекетін қамтиды. 2019 жылдан бастап Yamal 401 серіктік платформасына сигнал шығару мүмкіндігінің арқасында, Qazaq TV арнасы HD стандартына сай Ресей Федерациясының ақылы теледидар операторларының кабельдік желілерінде қолжетімді болды.