Қ. Тоқаев: Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы

akorda.kz

Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуілсіздік бәрінен қымбат» мақаласында азаматтарды қазақ тілін үйренуге шақырды.

Мемлекет басшысы оны бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасқанын баса айтты. Меңгеру  үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор екеніне де ерекше тоқталды. Ол үшін отандық қаламгерлердің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алуды тапсырды.

Ел жетекшісінің айтуынша, бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артқан. Жастардың 80% мемлекеттік тілді жетік біледі. Бұндай тың дерекпен мемлекеттік тілді дамыту қоры бөлісті. Сарапшылар алдағы 5-10 жылда қазақ тілін ел тегістей үйренетініне сенімді.

АЗАТ ШАУЕЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Менің ойымша, алдағы 5 жылда Қазақтан азаматтарының 99,9 проценті мемлекеттік тілді білетін болады.  Неге? Өйткені қазіргі таңда тілді тегін оқытатын онлайн сайттар мен мобильді қосымшалар өте көп.  Мәселен, біздің сайт арқылы үш айда ғана еркін сөйлеу деңгейіне жетуге болады.  Ал жарты жылда сауатты жазып, ресми құжаттармен жұмыс жасай алады. Сондықтан жастардың тілді үйренулеріне бар жағдайлар жасалған.

×