Қазақстан Халықаралық мобильді кинофестивалінен жүлделі болды

Қазақстан Халықаралық мобильді кинофестивалінен жүлделі болды

Қазақстан Халықаралық мобильді кинофестивалінде 6 негізгі номинацияның төртеуін жеңіп алды. Осылайша біздің ел «Ең үздік тігінен түсірілген бейне», «Көрермендер көзайымы», «Ең үздік әйел рөлі» және «Қазылар алқасының сыйы» санаттары бойынша үздік деп танылды. Бұл туралы кинофестиваль директоры Дмитрий Байназаров хабарлады. Спикер мәлім еткендей, байқауға барлығы 16 елден 58 қысқаметражды фильм келіп түскен. Қазақстаннан өзге Испания, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Бразилия, Ресей, Болгария, Доминикан Республикасы, Иран, Италия, Франция, Колумбия, Чили және Қырғызстан мемлекеттері фестивальге қатысты.

Айта кетерлік жайт, Қырғызстан биыл екінші жыл қатарынан фестивальдің бас жүлдесі «Үздік фильм» номинациясын иеленді. Биыл олар «Present for Future» кинокартинасы үшін жеңіске лайық деп танылды. Кинофестиваль Қазақстанда үшінші рет өтуде. Жыл сайын оның танымалдығы мен маңыздылығы артып келеді. Байқау 2022 жылдың сәуір айында өтеді деп жоспарлануда.

Дмитрий Байназаров, Халықаралық мобильді кинофестивалінің директоры:

- Бұл – Қазақстандағы алғашқы және жалғыз мобильді кинофестиваль. Мүсіншелердің бірі екінші жыл қатарынан Испанияға кетті. Өткен жылы жеңісті шетелдіктер қанжығасына байлаған болатын. Биылғы нәтижеге қарағанда біздің режиссерлердің жұмыстары жақсара түскенге ұқсайды, сәйкесінше қазылар алқасы тиісті бағасын берді.

Авторы: Ақзер Сегізбай