Түркістан облысында құнды артефактілер табылды

Түркістан облысында құнды артефактілер табылды

Түркістан облысында біздің дәуірімізге дейінгі XII-I ғасырларға тиесілі артефактілер табылды. Жүзімдік ауылының тұрғындары өз аулаларынан шыққан құнды жәдігерлерді жергілікті мұражайға өткізген. Қазір мұражай қорында 152 экспонат бар. Оның ішінде алтарь ошақ, саз балшықтан жасалған көзе, кұмыралар, тұрмыстық ыдыстар, кұлпытас пен кол диірмендері де бар. Сондай-ақ мұражай бағзы заманға тиесілі жәдігерлерді көргісі келетіндердің барлығына ашық.

Айта кетейік, тарихшылардың қорытындысына сәйкес, Қаңлы мемлекеті дәуірінде осы ауыл орналасқан маңда ежелгі қала болған. Мұнда алғашқы ауқымды қазба жұмыстары 80-ші жылдардың ортасында жүргізілген. Ол кезде жер асты туннелі және құнды жәдігерлер табылған.

Қайрат Үсенов, мұражай меңгерушісі:

- Біздің заманымызға дейінгі және біздің заманымызда V-VI ғасырда табылған заттардың есебінен құралған. Археологтардың пайымдаған қорытындысы бойынша, бұл жерде орта ғасырда Қаңлы мемлекеті болған және заттар Қарахан мемлекеті кезіндегі хронологиялық кезеңге жатады. Үлкен қала болған. Қаңлы мемлекеті ханының кезіндегі жазғы саяжайы, Шахристан, үлкен өнеркәсіптік қолөнер орталығы бар аты белгісіз қала.