Қазақстан Радио күнін атап өтуде

Қазақстан Радио күнін атап өтуде

Қазақстанда Радио күні. Елімізде радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған. Осы тарихи негізді алға тарта отыра Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын. Осылайша 1921 жылы Орынбордан хабар таратқан Қазақ радиосына биыл 100 жыл толып отыр.

Дулат Абибуллаев, «Qazaq Radiolary» ЖШС бас редакторы:

- Біздің аудиториямыздың ауқымы өте кең. Ел аумағының 90% жуығына және іргелес жатқан елдерге дейін ақпарат таратамыз. Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арнайы Жол картасын қабылдап, радионың сигнал тарату ауқымын одан сайын арттыру көзделуде.

Ғасырлық мерейтойға орай радио тарихымен тығыз байланысы бар Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларында және елордада «Қазақ радиосы» көшесі ашылды. Ұлт үнжариясының мерейтойлық эфирі Шәмші Қалдаяқов, Әбілахат Есбаев, Әсет Бейсеуов, Ілия Жақанов сынды композиторлардың шығармашылығына арналмақ. Радиода әр жылдары еңбек еткен өзге де тұлғалардың Алтын қорға жазылған дауыстары әуе толқынына шығарылады.