ТүркПА отырысы: Түркістан декларациясы қабылданды

ТүркПА отырысы: Түркістан декларациясы қабылданды

Түркі әлемінің бірнеше бағыт бойынша өзара серіктестігі жанданып, ықпалдастығы күшейеді. Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының X пленарлық отырысында қабылданған Түркістан декларациясының мақсаты осы. Стратегиялық құжаттың маңызды тармақтары – еліміздегі Президенттік саяси реформалар пакетін қолдау, қауіпсіздікті нығайту, COVID-19 пандемиясының салдарымен күреске арналды.

Сонымен қатар ТүркПА аясында, заң жобаларымен одан әрі жұмыстың 5 жылдық жоспары ұсынылды. Ең әуелі кибершабуылға төтеп беру тетігі қарастырылатын құжат қабылданбақ. Тараптар елімізде ашылған Түркістан телеарнасының ақпарат тарату кеңістігін арттырып, күллі түркі елдері аумағына жеткізуге келісті.

Айта кетейік, ұйымға мүше елдер XI пленарлық отырысты келер жылы Қырғызстанда өткізуге келісті.