Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жәрдем беруге дайын

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жәрдем беруге дайын

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жәрдем беруге дайын. Осы орайда Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттаки біздің елге алғысын білдірді. Бұл туралы ол Қазақстанның елшісі Әлімхан Есенгелдиевпен Кабулдағы кездесуде айтты. Муттакидің мәлімдеуінше, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елмен бейбіт қарым-қатынас орнатуға ниетті. Әсіресе өңірдегі көрші мемлекеттерге басымдық беріледі. Ауған басшылығы Қазақстанның әлемдік аренада жүргізіп жатқан саясатына оң бағасын беріп отыр.