Қазақстанда сода зауыты салынады

Қазақстанда сода зауыты салынады

Қазақстанда кальцийленген сода өндіретін алғашқы кәсіпорын салынады. Бұл – шыны, химия, металлургия, тау-кен өндірісі және тоқыма өнеркәсібі салаларын дамытуда аса қажет өнім. Құны 400 млн доллар болатын жоба түрік инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылады. Ерекшелігі: өнім өндірісі барысында тек экологиялық таза және қалдықсыз технологиялар қолданылатын болады. Зауыт құрылысы биылғы жылдың III тоқсанында басталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары 3 жылға жоспарланған. Бастапқы кезеңде зауыттың өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна өнімді құрап, оны 1 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген. Бұл біздің елімізге кальцийленген сода импортынан құтылып қана қоймай, Қытай, Түркия, АҚШ және Ресей сияқты жетекші өндірушілермен бір қатарда тұруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа ішкі қажеттіліктерді өтеумен қатар, болашақта Қазақстан тауарды Қытай мен ТМД елдеріне экспорттай алады.

Авторы: Ақзер Сегізбай