«Алтынемел» ұлттық табиғи паркі әуеден бақыланады

«Алтынемел» ұлттық табиғи паркі әуеден бақыланады

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы енді әуеден бақыланады. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының елордадағы өкілдігі қорық қызметкерлеріне квадрокоптер тарту етті. Бейнекамерамен жабдықталған дрон 500 м биікке көтеріліп, бір сағат бойы ұша алады.  Ал кіріктірілген жылуға ден қойғыш арқылы күндіз де түнде де таспаға түсіреді.

Рати Жапаридзе, Нұр-Сұлтан қаласы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі бөлімінің меңгерушісі:

- Дрондар өрттің алдын алуға және оны ерте анықтаудың тиімді әдісі болып саналады. Сондай-ақ дрондарды ұлттық парктерде қолдануға болатын тағы бір себеп жануарларды бақылауға болады, яғни ол жерде қанша елік немесе қарақұйрық бар екенін білуге және түзетулер енгізуге жақсы мүмкіндік.

Адай Омархан, «Алтынемел»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы:

- Браконьерлікке қарсы өте жақсы құрылғы. 8 км жердегі көліктің нөмірін, адамның түрін немесе оның қай жерде орналасқанын, нақты GPS кординатасын көрсете алады. Яғни біз 8 км арақашықтықта отырып, бронконьердің нақты орнын, оның қалай қарай жүретінін немесе не істеп жатқанын көре аламыз.