Берлинде алғашқы қазақ қауымдастығы құрылды

Берлинде алғашқы қазақ қауымдастығы құрылды

Қазақстан мәдениетін кеңге таныстыру және насихаттау. Берлинде алғашқы қазақ қауымдастығы құрылды. Ұйымға осы елде жұмыс істеп, оқу оқып жатқан отандастарымыз кірген. Бастамашылар қазақ ақын-жазушыларының шығармашылық кештерін өткізіп, отандық фильмдер көрсетілімдерін, сондай-ақ көрмелер мен фестивальдер ұйымдастырып, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін паш етпек. Ал кішкентайлар үшін арнайы бағдарлама дайындалып, демалыс күндері Берлиндегі елшілікте қазақ тілі сабақтары ұйымдастырылады. Дәрістер ойын түрінде өткізіледі. Қазақстандық жеткіншектердің ана тілін ұмытпауы үшін түрлі шаралар ұйымдастыру қарастырылған.

Айнур Матаева, «Мирас» қазақтар қауымдастығының төрағасы:

- Біз осы жерде өсіп жатқан балаларымыз халқымыздың салт-дәстүрін біліп, ана тілінде жетік сөйлегенін қалаймыз. Оларды үйрету біздің басты міндетіміз. Киіз үй сатып алып жергілікті халықты ұлттық тағамымызбен таныстыруды көздеп отырмыз. Осымен бірге ақын-жазушылардың шығармашылық кештерін ұйымдастырып, отандық фильмдерді көрсетуді қолға алмақпыз.