Astana Hub ІТ-стартаптарды қолдаудың икемді бағдарламасын жасады

Astana Hub ІТ-стартаптарды қолдаудың икемді бағдарламасын жасады

Болашақ ІТ-стартаптарда! Себебі технологиялық жобалар компаниялар мен жалпы экономиканы дамудың даңғыл жолына шығарады. Ал азаматтар болса өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік алады. Бұл орайда өнертабыс иелерінің ұсыныстары мейлінше көбірек болуы үшін Astana Hub бастамаларды қолдаудың жаңа бағдарламасын жасады. Бұл – ІТ-жобаларға демеу жасауға бағытталған бағдарламаның жетілдірілген нұсқасы. Ол жеке іс ашуға енді аяқ басқан және тәжірибелі бизнесмендерді қолдау шараларын қамтиды. Мұнда әркім өзіне тиімді жұмыс жоспарын құрып, оның жобасына қажет қызметтерді таңдай алады. Бұл PR-жылжыту, сарапшыдан кеңес алу, коворкингтегі жұмыс орны, кәсіпкерлермен кездесу болуы мүмкін. Басқаша айтқанда қазір белгілі бір артықшылықтарға ие болу үшін технологиялық стартаптарға ұзақ және тұрақты түрде инкубация мен жеделдету бағдарламаларынан өтіп, білім беру семинарлары мен бизнес тренингтерді тыңдаудың қажеті жоқ. Сонымен қатар курсқа түскендердің барлығына топтық оқуға қатысып, жеке кеңестер алу және тәлім берушілерге өз сұрақтарымен жүгінуге мүмкіндік туады.

Аркадий Селезнев, Astana Hub-тың басқарушы директоры:

- Біз кімге болсын ашықпыз. Аstanahub.com тұғырнамасын қолдана отырып, бізге осы оңай жолмен жүгіне аласыз. Мен сіздерді «TECHPRENERS» платформасында тіркеліп, бұл ұсыныстың кәдесін көруге  шақырамын. Менің ойымша, бұл – өте керемет формат. Жалпы бұл платформаның пайда болуы біздің тұтынушыға бағдарланғанымыздың арқасында мүмкін болды. Сондықтан Astana Hub-тың қонағы болып astanahub.com мен «TECHPRENERS» тұғырнамасына тіркеліңіздер. Өз стартабыңызды іске қосып, құзыреттілікті шыңдаңыз! Біз сізге сенеміз!

Авторы: Жеңіс Ермұқанов