Сарапшылар: Қазақстан еуразиялық хабқа айналады

Еуразиялық хаб
inbusiness.kz

Қазақстан еуразиялық көлік хабына айналуда. Бұл туралы сарапшылар хабарлады. Олардың айтуынша, біздің еліміз осы салада үлкен әлеуетке ие. Атап айтқанда көлік-логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге аспанасты елімен ынтымақтастық, оның ішінде «Бір жол, бір белдеу» бастамасымен ұштасу шеңберінде мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама жұмыс істеген уақытта Қытай Еуразиялық нарықтарға, ал Қазақстан теңізге шығуға мүмкіндік алды. Көлік саласын дамыту мультипликативті экономикалық тиімділік береді. Осылайша жаңа бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді. Сонымен қатар бүгінде елдер өнеркәсіп секторында 56 жобаны жүзеге асырып, өзара жаңа технологияларымен белсенді алмасуда.

Тимур Шаймергенов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Қазақстан бұл процесті яғни экономикалық даму мүмкіндіктері үшін жаңа дәуір ашылғанын түсінуі керек, бұл белгілі бір уақытты қажет етеді. Көлік секторы өнеркәсіптің дамуын да күшейтеді, өйткені өндірілетін тауарлардың өткізу нарығына шығуына мүмкіндіктер пайда болады. Сонымен қатар бұл ауыл шаруашылығын, түрлі қызмет түрлерін алға тартады. Яғни Қазақстан өзінің геоэкономикалық миссиясын осындай Еуразиялық хаб ретінде, түрлі мәдениеттер, экономикалар арасындағы қиылысты қалпына келтіреді.

×