Ғалымдар Сиверс алма ағашының құпиясын ашты

Ғалымдар Сиверс алма ағашының құпиясын ашты

Сиверс алмасы Қазақстанның брендіне айналуы тиіс. Мұндай мәлімдемені халықаралық ғылыми экспедицияға қатысқан шетелдік зерттеушілер жасады. Германия мен Францияның Сорбонна университетінің өкілдері Жоңғар-Алатау қорығында іссапарда болды. Онда ғалымдар жердегі алма бақтарының шығуын зерттеп, ізденіс жұмыстарын жетілдіру үшін алмалардың дәндерін жинады. Сөйтіп алдағы уақытта көптеген жаңалықтар ашуға ниетті. Себебі алдыңғы нәтижелер Оксфорд университетінің ғалымдарына толысқан қызыл бүйірлі алманың барлық белгілі сұрпының төрттен бірі, яғни 2,5 мыңы Сиверс ағашынан шыққанын дәлелдеуге мүмкіндік берді.

Жанна Мамбетова, «Cultural Dialogue» қоғамдық қорының директоры:

- Қазақстан әлемдегі барлық алма ағашының шыққан жері болып табылады. Сондықтан да бұл дерекке ғалымдар қызығушылық танытты. Жай ғалымдар емес, ғылыми зерттеушілер. Олардың қатарына заманауи суретшілер қосылды. Соңғылары ғалымдардың зерттеулері негізінде өз жобаларын жасайды.

Шетелдік ғалымдардың мәліметінше, Сиверс алма ағашы әлемдік ғылым мен мәдениет үшін баға жетпес дүние, сондай-ақ халықаралық Қызыл кітапқа енгізілгенін айта кеткен жөн. Зерттеушілер оның бастапқы қалпын сақтап қалу үшін бүгінде тәжірибелер жүргізуде. Мысалы француздар ағаш бұтақтарына арнайы датчиктер орнатты. Құрылғы дыбыстарды жазады, ағаш шырынын жинайды, содан кейін оның құрамын зерттейді. Сондай-ақ алма ағашының температурасын өлшейді. Жемістің құндылығы туралы неміс режиссері Антье Маевски «Алма бостандығы» атты деректі фильм түсірді.

Антье Маевски, режиссер /Германия/:

- Өз фильмімде өсірілген алманың генетикалық қоры және алма ағашының селекциясы туралы баяндап, соның кесірінен туындаған мәселелер жайлы айтамын. Тұқымдастыру бірнеше танымал және пайдалы сорттардың өсуіне әкелді. Ал химиялық заттарды қолданудан ағаштарда түрлі ауру пайда болды. Сондықтан миллиондаған жылдар бойы сіздердің тауларыңызда өсіп, жайқалып келетін Сиверстің белгілі бір ауруларға қарсы тұруда пайдалы болуы әбден мүмкін.

«Адам мен Хауаның алмасы қандай болғанын бүкіл әлем білуі керек», – дейді зерттеушілер. Бұл істе мамандандырылған көрмелер көмекке келеді. Оларды Франция, Германия, Бельгия, Австрия, Қытай және Сингапур қалаларында өткізу жоспарланып отыр.

Авторы: Ақзер Сегізбай