Қазақстанда XVII Еуразиялық медиа форум өз жұмысын бастады

Қазақстанда XVII Еуразиялық медиа форум өз жұмысын бастады

Қазақстанда XVII Еуразиялық медиа форум өз жұмысын бастады. Ауқымды шара қазақстандық және әлемдік ақпарат құралдары өкілдерінің, халықаралық сарапшылар мен саясаткерлердің, ғалымдар мен қоғам және мәдениет қайраткерлерінің басын қосты. Форумның ресми ашылуы 16 қыркүйекке жоспарланған. Ал бүгін қатысушылар әлемдік сарапшылардың тәжірибелік шеберлік дәрістеріне қатыса алады. Сонымен бірге ұйымдастырушылар Ауғанстандағы ахуалды назардан тыс қалдырмай, сарапшыларды бұл мәселенің Орталық Азиядағы жағдайға әсері тақырыбында пікір алмасуға шақырады. Сондай-ақ форумның алғашқы күні бірнеше дөңгелек үстел отырысы өткізіледі. Соның бірі түркітілдес мемлекеттердің ақпарат құралдарының ынтымақтастығы мен өзара ықпалдастығына арналады. Ал жарнама саласының мамандары мықты ұлттық брендтер қалыптастыру тақырыбында ой-пікір таластырады.

Авторы: Ақзер Сегізбай