«Жігер» сыйлығына өтінімдер қабылдау жалғасуда

«Жігер» сыйлығына өтінімдер қабылдау жалғасуда

Танымал қазақстандық тележурналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Биыл 20 тамызда басталған іріктеу 20 қыркүйекке дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылы байқау 4 бірдей номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттаса, биыл үміткерлер тек бір ғана телевизиялық сюжеттері бойынша номинацияға таласады.

Бибігүл Құламан, ұйымдастырушы:

- Биыл жаңашылдық ретінде номинацияларды өзгерттік. 2020 жылы 4 номинация болса, биыл бір ғана номинацияны қалдырдық. Бұл – «Әлеуметтік тақырыптағы үздік телебағдарлама» номинациясы. Номинация бойынша жеңімпаздарды бірінші, екінші және үшінші орын бойынша анықтайтын боламыз. Қазылар алқасының құрамына Бейсен Құранбектің достары, әріптестері енді. Осы құраммен 27 қыркүйек күні жеңімпаз анықталады.

Айта кетейік, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Astana Media Week» апталығы аясында өтеді. Олар биыл ақшалай сыйлықпен де ынталандырылады.

Авторы: Ақзер Сегізбай