Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған 7 адам «Айбын» орденімен марапатталды

Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған 7 адам «Айбын» орденімен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жамбыл облысындағы жарылыста қаза тапқан бірқатар әскери қызметші мен өрт сөндіруші марапатталды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марқұмдар «Айбын» орденімен марапатталды.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болған еді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза болғандар саны 17 адамға жеткен.