Жер шарын аралаған алғашқы қазақстандық экспедиция аяқталды

Жер шарын аралаған алғашқы қазақстандық экспедиция аяқталды

«Шоқан Уәлиханов» шағын кемесінің экипажы жер шарын аралап елге қайта оралды. Бұл айтулы оқиға Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Экспедиция 2007 жылдың күзінде «Біз әлемге ашыламыз, әлем бізге ашылады!» ұранымен басталған болатын. Содан бері кеме үш мұхитты кесіп өтіп, Еуропа, Оңтүстік Америка акваториясы арқылы Тынық мұхитындағы аралдарға дейін жетті.

Саяхатшылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған еліміздің туын абыроймен алып өтті. Мемлекеттік символ республикамыздың Тұңғыш Президенті мұражайына тарту етілетін болады. Орталық Азия географиялық қоғамының жетекшісінің айтуынша, осы экспедицияның арқасында Қазақстанды әлем жұртына кеңінен таныстыру мүмкін болды.

Қанат Өскенов, «Жаңару» РҚБ Алматы қалалық филиалының директоры:

- Экспедицияның мақсаты – бүкіл елге Қазақстанды таныту. Біздің мақсат орындалды деген ойдамыз. Келесі жоспар – бұдан да ірі жоба жасап, Гиннестің рекордтар кітабына ену.