Қазақстанда балалар бейімін анықтайтын тегін тестілеу өткізіледі

Қазақстанда балалар бейімін анықтайтын тегін тестілеу өткізіледі

Балалардың бейімін анықтау. Қазақстандық 10-11 жастағы мектеп оқушыларының жасырын қабілеттері мен таланттарын еш ақысыз анықтауға болады. Елімізде 1 қазанда бастау алатын «Qabilet қызметі» жобасының шеңберінде жаппай тестілеу өткізілмек. Бірінші кезеңде 50 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланып отыр. Келесі кезеңдерде жасөспірім балалар да қосылады. Сонымен қатар қабілеттерді диагностикалау әдістемесі заманауи «4K» құзыреттілігіне, яғни шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық және қарым-қатынасқа негізделген. Ал тестілеуден өткеннен кейін оқушылар болашақта мамандық таңдауға көмектесетін кәсіби маман кеңесін ала алады.

Айта кетейік, аталмыш жоба «Елбасы Академиясы» қорының қолдауымен дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында құрылған.

Авторы: Гүлбану Тәжібек