Түркиядағы орман өрті: қазақстандық құтқарушылар өз миссиясын аяқтады

Түркиядағы орман өрті: қазақстандық құтқарушылар өз миссиясын аяқтады

Түркия Республикасындағы табиғи өрттерді сөндіруге аттанған қазақстандық құтқарушылар өз миссиясын сәтті аяқтады. Оннан аса мемлекеттің экипаждарының күш біріктіруі арқасында Даламан қаласы маңындағы өрт толығымен жойылды, деп хабарлайды еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі.

Орман алқабына жайылған өртті сөндіру үшін қазақстандық құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс атқарды. 16 құтқарушы мен екі тікұшақтан құралған арнайы топ жалпы көлемі 300 тоннадай су шашқан. Қазір қазақстандық экипаж ұзақ қашықтықта ұшуға дайындалуда.

Естеріңізге сала кетейік, түрік халқына бауырлас және гуманитарлық көмек аясында арнайы экипаж көмекке аттанған болатын. Олар үш мемлекеттің шекарасын басып өтіп, 4 500 шақырым ұшып өтті.