18 тамыз – Шекарашылар күні

18 тамыз – Шекарашылар күні

18 тамыз – ел тыныштығын тәулік бойы күзететін шекарашылар күні. Биыл шекара қызметінің құрылғанына 29 жыл толды. Айтулы датаны маңғыстаулық шекарашылар зор жетістікпен қарсы алып отыр. Биыл олар браконьерлермен күресте мемлекет қазынасына келетін 2 млрд теңгеге жуық  шығынның алдын алды. Биылдың өзінде елімізге рұқсатсыз кірмек болған 350-ден астам шетел азаматы ұсталып, жауапқа тартылды.

Ерік Тұрғанбаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметі аймақтық департаментінің басқарма басшысы:

- Оның бесеуі – мемлекет шекарасын бұзушы. Тағы 155-і шекара режимін бұзғаны үшін, қалған 200-дей азамат территориальдық және ішкі су режимдерін бұзғаны үшін заң алдында жауап береді. Шекарашыларымыз Каспий теңізінің биологиялық ресурстарына 1 млрд 800 млн теңгеден астам зиян тигізетін шығынның алдын алып отыр.

Айта кетейік, қазақстандық шекарашылар жалпы ұзындығы 15 132 шақырым болатын шекарада қызмет етеді, оның 13 мыңнан астамы құрлықтағы аумақ. Шекара периметрі бойынша 101 өткізу пункті жұмыс істейді. Сондай-ақ су шекарасы да қорғалған.