Нұр-Сұлтанда «30 тәуелсіз ұрпақ» шарасы өтті

baq.kz

«30 тәуелсіз ұрпақ». Түрлі салада топ жарып, көзге түскен жас қазақстандықтар өздерінің табысқа жету тәжірибесімен бөлісті. Бизнес және кәсіпкерлік, қаржы және инвестициялар, әлеуметтік қызмет, ғылым және технологиялар, сондай-ақ, шоу-бизнес және спорт саласының үздіктері замандастарын арманға жету жолында ерінбей еңбек етудің маңыздылығын айтты. Мотивациялық кездесу ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

АЗАТ ӘБІКЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Бұл басқосуда музыканттар, жоба әзірлеушілер, сондай-ақ шет мемлекеттерде қызмет ететін, Отанына деген махаббаты адал жастар бар. Менің ойымша, қиындықтан тайсалмай, жеңіске жете білген қыз-жігіттер көпке үлгі. Олар жұмыс істеу мен жетістікке жетудің жарқын мысалы. Біз – Тәуелсіздіктің құрдастары және үлкен аға-апаларымыздың үмітін ақтап келеміз. Жастарымызды шабыттандырсын деп, өз энергиясы мен күшін оң бағытта жұмсасын деген мақсатпен осы жерге табысқа жеткен спикерлерді арнайы шақырдық.

×