Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Президент «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің 19 миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасындағы төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», – деп жазған Мемлекет басшысы.