Еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер ескерту жариялады! Тамыздың басында еліміздің 10 өңірінде күн ысиды деп күтілуде. Болжам бойынша, ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Салдарынан өрттің шығу қаупі жоғары.

Жамбыл өңірінде күннің қызуымен қатар желдің екпіні күшейіп, шаңды дауыл болуы ықтимал. Еліміздің солтүстік облысында да күн райы ыстық болады.

Мамандар азаматтарға күннің қызған шағында көшеге шықпауға және қарқынды физикалық дене жаттығуларынан бас тартуға кеңес береді.