Семейде «Ядролық сынақтардан азат әлем» көрмесі ашылды

«Ядролық сынақтардан азат әлем». Семейдегі Абай атындағы музейде ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай көрме ашылды. Экспозицияда 20-дан астам ағаштан жасалған мүсін қойылған. Олар жүргізілген сынақтардың нәтижесінде пайда болған небір зұлмат жағдайлар туралы сыр шертеді. Көрменің авторы Құрман Аймұханбетов келушілер назарына ұсынылған жұмыстарын 30 жыл бойы жасап, жинақтапты. Арасында «Ананың көз жасы», «Кемтар бала», «Полигонның екі басты куәгері» туындылары да бар.

Құрман Аймұханбетов, көрме авторы:

- Мен осы бөренелер мен ағаштарды бұрынғы Семей полигонының аумағынан таптым. Олардың кейбіреулері жергілікті тұрғындардың не бастан өткергені туралы өздері баяндап тұрғандай. Мен оларға эскиз сызып бейнеге айналдырдым. Менің басқа жұмыстарым өздігінен жасалған. Мысалы, бұл мүсін аурудан айыға алмаған 15 жастағы мүгедек бала. Бұл үш аяқты адам ядролық бомбалардың жарылыстарын бастан өткерді. Егер сіз оны бұрсаңыз, біз жыланның ордасын көреміз.