Қазақстандық студенттер Еуразиялық чемпионаттан 7 медаль олжалады

Қазақстанның ұлттық құрамасы WorldSkills стандарттары бойынша өткен Еуразиялық чемпионаттан 7 бірдей медаль еншілеп, 2 күміс, 5 қола  медальды қанжығаларына байлап қайтты.

Үздік колледж студентерінен іріктелген құрама, Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Армения, Белорусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан командаларымен бап таластырды. Халықаралық деңгейдегі білім додасы «Электромонтаждық жұмыс», «Графикалық дизайн», «Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер» сынды бірнеше аталым бойынша өтті. Еліміздің жастары дәстүрлі жарысқа 2014 жылдан бері үзбей қатысып келеді. Осы уақыт аралығында Қазақстан халықаралық білім рейтингіндегі өзінің көрсеткішін, 50-ші орыннан 14-сатыға дейін жақсарта алды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов