Нұр-Сұлтандық суретші қазақ хандарын аниме стилінде бейнеледі

Қазақ хандарының аниме түріндегі бейнесі. Бұл идеяны суретші Ақтоты Қанатова жүзеге асырған. Қылқалам шебері бүгінгі жастардың тілінде жасалған еңбектері арқылы төл тарихымыз бен шежіремізге деген қызығушылығын оятуды көздегенін айтады. Сол себепті ол қазақ хандығының ұлы тұлғаларын терең зерттеп, заманауи мәнерде  көпшілікке ұсынуды жөн деп тапқан.

Шебердің «TikTok» әлеуметтік желісіндегі парақшасына 35 мыңнан астам оқырман тіркелген. Олар елордалық суретшінің шығармашылығын тамашалау арқылы ұлтық тарихтан білімдерін толықтырып тұрады. Ол ұлттық бейнелерді негізге алып, Ұлы Дала өркениетін насихаттауды қолға алған. Жапон комикстерінің үлгісімен ең алдымен қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек пен Керей хандардың бейнесі салынған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов