Елімізде бала туу көрсеткіші артып келеді

Демографиялық жарылыс. Қазақстанда нәрестелердің туу көрсеткішінің күрт артқаны байқалады. Ranking.kz хабарлауынша биыл бұл көрсеткіштің өсімі 8% асып жығылған.

Сарапшылардың есебінше, осы жылдың алғашқы тоқсанында 100 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан. Былтыр дәл осы мерзімнің ішінде 90 мыңға тарта нәресте туыпты. Өсім үш тоқсан бойы қатарынан тіркеліп келеді. Өткен жылы оның алдыңғы жылымен салыстырғанда туу көрсеткіші 6% көп болған. 2020 жылы 425 мың сәби өмірге келген.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан халқының саны 18,94 миллион адамға жетті.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов