Сақ дәуірінің артефактілері Елеке Сазы алқабында табылды

Сақ дәуіріне тиесілі археологиялық олжа Шығыс Қазақстаннан табылды. Өңірдегі Елеке Сазы жазығынан анықталған бұйымдар алтыннан жасалыпты. Әшекейдің бірінде басында тәжі бар және тақта отырған адам бейнесі байқалады. Құнды экспонаттың тағы бірі жартылай сақталғанымен, одан да тәж таққан адам сұлбасын көруге болады. Археологтардың пайымдауынша, бұл жәдігерлер сол замандағы билеушілерге тән. Бұған дейін мұндай дүниелер ең алғашқы ежелгі түркі қағанаттары пайда болған Монғолиядағы Орхон өзенінің маңынан табылған.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог:

- Біз екі алтын тақтайшаны таптық, олар композиция. Олардың бірінде билеуші таққа отырады. Тақтың өзі әдемі безендірілген. Бұл керемет нәрсе! Біз бұл тақтың бұрын болғанын білдік, бірақ оның не екенін білмедік.