ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін арттыруға келісті

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 400 мың баррельге дейін ұлғайтуға келісті. Осылайша осы жылдың аяғында әлемдегі мұнай өндіру деңгейі пандемияға дейінгі көлемге оралады. Дәлірек айтсақ, қара алтын өндіру тәулігіне 2 млн баррельге жетеді. Осының арқасында нарықтағы сұраныстың артуы аясында тапшылықты болдырмауға болады. Сарапшылар мәміледен кейін мұнай бағасы барреліне 60-70 долларға дейін төмендейді деп болжап отыр.

Сонымен қатар ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстанға 3 тамызда тәулігіне шамамен 1,5 млн баррель өндіруге мүмкіндік берілді. Бұл туралы келісімге қатысушы елдердің министрлер кездесуінің қорытындысы бойынша тиісті ведомствода айтылды. Ай сайын өндіріс көлемі тәулігіне орта есеппен 16 мың баррельге артады.