Ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі артты

Жыл басынан бері еліміздің ауыл шаруашылығы саласына 214 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 47,5% артық. Finprom.kz сайтының хабарлауынша,  бұл қаржының 99% өсімдік және мал шаруашылығы cекторларына бағытталды.

Сараптамалық порталдың мәліметінше, оның төртен бірі яғни 54,5 млрд теңгесі Солтүстік Қазақстан облысына бөлінген. Ақмола өңіріне 42 млрд теңгеге жуық қаржы тисе, көш бастаған үздік үштікті Қостанай аймағы тұйықтады. Бұл өлкенің игілігіне тиесілі болғаны 26 млрд теңге.

Айта кетерлігі, агроөнеркәсіптік кешенге қаражатты саланың кәсіпорындары құйды және несие мен банктік емес займдар ретінде тартылды.

Еске салсақ, еліміздің премьер-министрі биыл ауыл шаруашылық саласына 700 млрд теңгеден астам инвестиция түсетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ Үкімет ауыл шаруашылық техникасын, минералды тыңайтқыштар мен жоғары сапалы тұқым алуға қатысты қолдау шараларының көлемін ұлғайтты. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов