Иманбек Зейкенов «Жыл жаңалығы» номинациясының жеңімпазы атануы мүмкін

Қазақстандық танымал музыкант Иманбек Зейкенов GQ ерлер журналының «Жыл жаңалығы» номинациясының жыл сайынғы сыйлығына ұсынылды. Осы ретте жас өнерпаздың әлемдік «Грэмми» жүлдесінің иегері екенін айта кеткен жөн. Ол «Roses» композициясына ремиксі үшін марапатталған болатын. Атақты DJ танымал болғанға дейін Ақсу қаласында қарапайым теміржолшы болып жұмыс істеген.

Сонымен қатар GQ сыйлығының «Экрандағы тұлға» санаты бойынша өскемендік әзілкеш Евгений Чебатков ұсынылса, танымал музыкант Скриптонит «Жыл музыканты» санатында ұсынылып отырғанын айта кеткен жөн. Ал қазақстандық белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов «Үздік продюсер» номинациясының жеңімпазы атанауы әбден мүмкін.