Ұлттық домбыра күнімен!

Ұлттық домбыра күнімен!

Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Дала дауысын, желдің уілін, тұлпардың дүбірін, халықтың мұңы мен ата-баба үнін қазіргі ұрпаққа бұзбай жеткізген де осы қоңыр домбыра.

Еліміздің қатпар-қатпар тарихынан сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу әуен құлағымыздан кетпесін, қасиетті ұлттық аспабымыз – Домбыра төрімізден түспесін!
Баршаңызға Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты болсын!