Елордада қолөнершіліктің жаңа орталығы ашылады

Қазақстан астанасында қолөнершілік орталығын ашу көзделіп отыр. Мақсат - өткеннен сыр шертетін ұлттық өнер түрлерін жаңғыртып, ата кәсіпті кеңге насихаттау, туристерді тамыры терең тартқан көшпенділердің өмір салтымен таныстыру. Орталыққа бас сұққан әр адам көз тартар бұйымдарды сатып алумен бірге оларды жасауға қатысты шеберлік сабақтарын алады. Сондай-ақ ол жерде қолөнершілердің біліктілігін арттыру курстары өтетін болады.

Бағила Бисембаева, Нұр-Сұлтан қ. Кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

- Бұл – орталық қолөнершілердің кәсібін дамыту үшін үлкен сеп болады. Сондай-ақ елордаға келген қонақтарды қарсы алатын шетелдік туристерді тартатын орталыққа айналады деп сенеміз. Ұлттық мәдениетпен таныстыру үшін арнайы экскурсиялар ұйымдастыру керек. Өйткені қолөнершілік халқымыздың салт-санасынан сыр шертетін құнды мұралардың бірі болып саналады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов