Қазақстан мен Ирландия авиация саласында келісімге қол қойды

Қазақстан Ирландияның авиация саласындағы тәжірибесін қолданады. Қос тарап арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Шарт шеңберінде ирландиялық әуе реттеуішінің сарапшылары қазақстандық әріптестеріне еуростандарттарды әзірлеу мен енгізуге көмектесетін болады.

Бұдан басқа, шетелдік мамандар Қазақстанның авиация инспекторларына техникалық консультациялар мен оқыту дәрістерін жүргізеді. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитс мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған келісімді жүзеге асыру Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ еліміз азаматтық авиация саласындағы ең беделді, тиімді «ICAO» халықаралық ұйым талаптарына 80% сәйкес келуге қол жеткізе алады.

Питер Гриффитс, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры:

- Ирландияның авиациялық билігіне таңдауымыздың түскен себебі, олардың осы салада үлкен тәжірибесі бар. Оларда ірі оператор-авиакомпаниялар, сондай-ақ өз елінің аумағында ғана емес, шетелде де сәтті жұмыс істейтін лизингтік компаниялары жеткілікті. Сонымен қатар «ICAO»  талаптарына сәйкестік деңгейі ең жоғары. Осылайша біз, Ұлт жоспарының 68-қадамын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізудеміз. Британдық модель құрылысының сәйкестігін талап ету ісінде Ирландия – британдық модель негізінде жұмыс істейтін Еуроодақтың қатысушысы және барлық еуропалық стандартқа сай келетін ел.

Авторы: Ақзер Сегізбай