Сенат ғылым жөніндегі заң жобасын қабылдады

Қазақстанда ғалымдар мен сарапшылардың бірыңғай базасын құру және ғылыми зертеулерге арнайы мемлекеттік стипендия тағайындау көзделіп отыр. Бұндай нормалар қарастырылған ғылым жөніндегі тиісті заң жобасын сенат депуттаттары мақұлдады. Құжатта гранттық қаржыландыру, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды қолдау шараларын күшейту, мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының құзыретін кеңейтуге бағыталған нормалар бар. Сенаторлар заң жобасын қабылдау инновациялық - белсенді кәсіпорындардың үлесін ұлғайтатынын, ал Қазақстан жаһандық инновациялық индексі рейтингтеріндегі өз орнын жақсартатынына сенім білдірді. Жалпы алғашқы оқылымда қабылданған құжатқа 77 түзетулер мен өзгертулер енгізілген.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Өзіміздің статистикалық деректерімізге сүйенсек, 2019 жылы біздегі инновациялық өнім көлемі елдің жалпы ішкі өнімінің небәрі 1,6%-ын құраған. Басты себеп – ғылымды қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Аталмыш заң жобасында білім және ғылым министірлігінің салааралық үйлестіруі артатыны қуантады. Білім және ғылым саласында біраз оң нәтижелі жұмыстар жүріп жатыр. Алайда ол жеткіліксіз. Сондықтан білім және ғылым министірінен ғылымның сапалы ғылыми әлеуетін қалыптастыруға қатысты жоғарыда айтылған басым міндеттерге назар аударуыңызды сұраймын.

 

 Автор: Жеңіс Ермұқанов