Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл

Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл

Қазақстан және бүкіл Орталық Азия аймағы Гонконг туристері үшін тартымды аймаққа айналып барады. Қытаймен арадағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме кезінде әділет министрі Пол Лэм осылай деді. Көрмеге келушілер еліміздің мәдениеті мен табиғатын тамашалап, ұлттық музыка аспаптарының үнін тыңдап қайтты. Экспозиция Гонконгтың бас мәдени орталығында тамыздың 8-іне дейін өтеді.

Макс Зэ, өндіріс және коммерция қауымдастығының вице-президенті:

– Қазақстан біз үшін өте маңызды мемлекет. Іскерлік тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да Қазақстанның Гонконгпен арадағы қатынасының әлеуеті зор. Гонгконг тұрғындары қазақ елімен жақынырақ таныстыру керек, сол сияқты Қазақстан жұрты да Гонконг туралы көбірек білгені жақсы.

Джон Лэм, Brilliant Bank Төрағасы:

–  Қазақстанға маусымның басында барғанмын. Алматы қаласында болдым, тамаша шаһар. Сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығында болдым. Біздің банк «Бір жол-бір белдеу» бастамасына сай сауда және қаржы саласында қызмет көрсетеді. Жыл аяғына дейін Қазақстан-Гонконг сауда-өндірістік палатасын құруды жоспарлап отырмыз. Осылайша екі тараптың өзара сауда қатынасымен инвестициясын ілгерілетсек дейміз.