Қ. Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті

Қ. Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтыншы Каспий саммитіне қатысу үшін Ашхабадқа барды. Негізгі шара қарсаңында Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий саммитіне ерекше мән беретінін жеткізді және оның нәтижесі Каспий маңы мемлекеттерінің достық пен тату көршілік байланыстарын одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосып, өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетініне сенім білдірді. Өз кезегінде Сердар Бердімұхамедов Каспийдің игілігі үшін  келелі басқосу болатынын жеткізді.