Мәжіліс референдумдағы бюллетеньдерге қатысты құжатты мақұлдады

Мәжіліс референдумдағы бюллетеньдерге қатысты құжатты мақұлдады

Парламенттің төменгі палатасының депутаттары «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді. Енді жаңа өзгерістерге сәйкес, бірде-бір жауап белгіленбеген бюллетендер  жарамсыз деп танылады. Ал жауаптардың барлық нұсқалары белгіленген бюллетеньдер жарамды деп танылады. Алайда олар дауыс беру кезінде есепке алынбайды. Айта кетейік, 29 сәуірде Қазақстанның Ата заңына түзетулер бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген еді.